Дерекқор

Қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешова туралы не білеміз?

© Photo : Facebook / Kazakhfilmstudios.kzАктриса Меруерт Өтекешова
Актриса Меруерт Өтекешова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін, 25 ақпан, қазақтың Қыз Жібегінің даңқына қылау түсірмеген актриса Меруерт Өтекешованың туған күні

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері Меруерт Қаратайқызы Өтекешова 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген.

Нұрсұлтан Назарбаев әйелімен бірге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Актриса болуды армандадым": Сара Алпысқызы бүгін туған күнін тойлап жатыр
Марқұм актер Құман Тастанбековтің жары әрі Жібек, Томирис есімді қыздар мен Фараби есімді ұлдың анасы.

Ол 1968 жылы Алматы қаласындағы №66 мектепті тәмамдағанында "Қыз Жібек" киносының бас кейіпкерінің рөлін сомдауға шақырту алады.

1969-1973 жылдары қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетін, КСРО халық әртісі Хадиша Бөкееваның класы бойынша бітірді.

Меруерт Өтекешованың театрдағы алғашқы рөлдері

Бұдан кейін Мұхтар Әуезов театрының актерлік құрамында үзіліссіз еңбек етті. Театрдағы алғашқы рөлі Шыңғыс Айтматовтың "Құс жолы" повесі бойынша сахналанған "Ана-Жер-ана" спектакліндегі Әлиман рөлі болды. Аталған туындыны 1973 жылы Әзербайжан Мәмбетов сахналаған болатын.

Тағы оқыңыз: Халық әртісі Әмина Өмірзақова туралы қызықты деректер

Сондай-ақ, театр қабырғасында жүріп ұлттық классика мен заманауи драматургиядан Мұхтар Әуезовтің "Қарагөзінде" Қарагөздің, "Еңлік-Кебек" дастанында Еңліктің, Тахауи Ахтановтың "Жоғалған досында" Ғайнидің, Дулат Исабековтің "Әпкесінде" Гауһардың, Әлжаппар Әбішевтің "Кәусарында" Кәусардың, Асқар Сүлейменовтің "Жетінші палатасында" медбикенің, Сәбит Мұқановтың "Мөлдір махаббатында" Бәтестің анасының, Роза Мұқанованың "Мәңгілік бала бейнесінде" депутат Күләштің, Тынымбай Нұрмағамбетовтің "Ескі үймен қоштасуында" ананың рөлін сомдады.

Актриса қай фильмдерде бой көрсетті

Меруерт Өтекешова театр өнерінің жұлдызы болып қана қоймай, кино әлемінде де бірегей рөлдерімен халық көзайымына айналды.

Әбілхан Қастеев, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған әйгілі суретші - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Әйелі Әбілхан Қастеевке иіліп сәлем салған: әйгілі суретші туралы не білеміз?
"Қыз Жібек", "Ғани Мұратбаев", "Ұлдың оралуы", "Қосымша сұрақтар", "Тентек балалар", "Аждаһа жылы", "Өрнек", "Өтелмеген парыз", "Жауын", "Ақ бақсы", "Шоқан Уәлиханов", "Қазақфильм", "Қырғызфильм", "Махамбет", "Арман қала", "Секіріс" фильмдерінде әртүрлі рөлді сомдады. Мұнымен қатар, соңғы рет 2010-2012 жылдары аралығында "Хабар" агенттігінің "Жаным" телехикаясында ойнаған болатын.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісінің марапаттары

1982 жылы "Қарагөз" қойылымындағы Қарагөз рөлі үшін Мәскеудегі бүкіл одақтық жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанды. 1982 жылы Қазақстан еңбек сіңірген әртісі атағын иеленіп, республикалық "Жігер" фестивалінің лауреаты болды. 1991 жылы КСРО кинематографистер одағының мүшесі болып, 2008 жылы "Құрмет" орденінің иегері атанды. Бұдан өзге 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталды. 

Тағы оқыңыз: Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны

2017-2018 жылдары Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясын иеленді.

Жаңалықтар
0