Спорт

Юлия Галышева Әлем кубогында қола жүлдеге таласудан бас тартты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЮлия Галышева
Юлия Галышева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасының бас бапкері спортшының бұл шешіміне не себеп болғанын айтты

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Бүгін 24 ақпанда Жапонияның Тадзавако қаласында Әлем кубогы аясында параллель могулдан жарыс өтті. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Юлия Галышева төртінші орын иеленген. Спортшының қола жүлде алуға мүмкіндігі болған еді, бірақ ол кіші финалға қатысудан бас тартты, деп хабарлады ұлттық олимпиадалық комитет.

Юлия Галышева - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық спортшы әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Команданың бас бапкері Елена Круглыхина бұл шешімге не себеп болғанын түсіндірді.

Галышева жартылай финалға еш қиындықсыз жеткен. Әлем чемпионы барлық кезеңнен сүрінбей өткенімен, 1/2 финалда француз қызы Перрин Лаффоннан жеңіліс тауыпты.

"Юляның жағдайы жақсы. Ешқандай жарақат алған жоқ. Біз төрешілердің шешімімен келіспедік. Сол себепті Юляның өзі кіші финалға қатысудан бас тартты",- деді Круглыхина.

Атап өтсек, жарыс қорытындысы бойынша алтын жүлдені Лаффон, екінші орынды Джейлин Кауф (АҚШ) иеленіп, Энтони Джакара қола жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Галышева олимпиадалық могулдан қола медаль ұтқан болатын.

Жаңалықтар
0