Өңірлер

"Қар, жел және тұман": ертең ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Тимур БатыршинҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Метеорологтар дүйсенбі 25 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері дүйсенбі күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады деп болжайды. Өңірлерде жауын-шашын түсіп, солтүстік, шығыс және оңтүстік шығыста ғана күн ашық болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада күндіз ауа температурасы 8-10 градус аяз, түнде 15-17 градус нөлден төмендейді.

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазгидромет ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Алматыда дүйсенбіде күндіз ауа температурасы 6-8 градус жылылықты көрсетеді, түнде 4-6 градус аяз болады.

Шымкентте 25 ақпанда ауа температуарсы күндіз 11-13 градус жылы,  түнде 0-2 градус суық болады.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман, Шығыс Қазақстанның Жарма облысында және Жамбыл облысында күндіз кей жерде желдің екпіні 20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысында кей жерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с.

Жаңалықтар
0