АCТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Коммуналдық тұрғын үй қорында баспанаға мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың құжаттары жыл сайын жаңартылып отырады және әдеттегі рәсімнің бірі аналады. Бұл туралы "Астана қаласы әкімдігінің тұрғын үй қоры" КММ директоры Нұрсұлу Қожахметова мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Бұл не үшін жасалады? Мысалы, "толық емес отбасы" санатындағы әйел тұрмысқа шықты дейік. Біздің базада бұл көрсетілмейді, ол үшін құжаттарды жаңарту қажет. Бұдан бөлек, отбасы толығуы мүмкін. Отбасының жаңа мүшелерін құжатқа енгізу қажет. Егер отбасы көпбалалы болса, одан кейін ерлі-зайыптылар некені бұзса, мұндай жағдайда ерлі-зайыптылардың біреуі отбасы құрамындағы екіншісін алып тастауы тиіс", – деп түсіндірді Қожахметова.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорында үйге кезекте 45 471 адам тұр. Барлық есеп бес санат бойынша жүргізіледі:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
- Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; – Халықтың әлеуметтік осал топтары: 1, 2 топ мүгедектері, зейнеткерлер, толық емес, көпбалалы отбасылар және т.б;
- Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, әскери қызметшілер;
- жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар. Осылайша құжаттарды жаңарту тұрғын үй қорына баспанаға мұқтаж азаматтардың нақты бейнесін көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, zhilfond.kz сайтында көрсетілген құжаттар тізіміне назар аудару қажет.