Мәдениет

Ләйлә Сұлтанқызы бір айда қанша ақша табатынын жасырмай айтты

© Минобороны КазахстанаТелеведущая Ляйля Султанкызы
Телеведущая Ляйля Султанкызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Тележүргізуші бір айлық табыстың нақты қай жерден және қанша мөлшерде түсетінін нақтыламады

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бір айда 3-4 миллион теңге табыс табатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ғашықтар, қос ғашық, той, жұбайлар, жұп - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Ләйлә Сұлтанқызы: ақ көйлек кимедім, сондықтан міндетті түрде тойымды жасаймын
Сұқбат барысында журналист Аман Тасыған әріптесі Ләйлә Сұлтанқызынан "The Эфир" бағдарламасын жүргізгені үшін қанша алатынын сұрады. Тележүргізуші "өте жақсы" төлейтінін, бірақ айына немесе бір эфиріне 1 миллион теңге алмайтынын жасырмады.

"Қазбалама, мен үшін жақсы. Бір көйлегімді алуға артығымен жетеді. Қай жақтан қанша алатынымды нақтыламай-ақ қояйын, бір айлық жалақым 3-4 миллион болуы мүмкін", - деді Ләйлә Сұлтанқызы "TalkLikе" бағдарламасына берген сұқбатында.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік желідегі парақшасында жарнама жариялау қанша теңге тұратынын айтты.

"Базалық пакеттер 500 мың теңгеден басталады. Менде, негізі, бір емес, бірнеше парақша ғой. Ең супер VIP пакеттер 2 миллион теңгеге дейін барады", - деп ашығын айтты тележүргізуші.

Бұған қоса, Ләйлә Сұлтанқызының жарнамаға қанша теңгеге түсетіні белгілі болды.

Тағы оқыңыз: "Жексұрын болдым": Танымал әнші құмар ойынға салынып, 200 000$-дан айырылғанын мойындады

"Жарнамаға түсудің шарттарына байланысты. Егер құқығы өзімде қалатын болса, жылына 20 мың доллардан төмен, ал егер оларға берілетін болса, яғни билбордқа, басқа жерде пайдалануға берілсе, онда 20 мың доллардан жоғары", - деді ол.

Жаңалықтар
0