АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Ал, республиканың оңтүстік облыстарында Каспийден атмосфералық фронттардың ығысуына байланысты жексенбі және дүйсенбі жауын-шашын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.
Қазақстанның қалған облыстарында жауын-шашынның болуы екіталай.
23 ақпанда Астанада түнде 15 градус аяз болса, күндіз сынап бағанасы 10 градус аязды көрсетеді. Алматыда түнде 5 градус аяз, күндіз 2 градус жылы болады. Шымкентте түнде - 2 градус, күндіз + 11 градусқа дейін жылынады.
24 ақпанда елордада түнде 16, күндіз 10 градус аяз болады. Оңтүстік астанамызда түнде ауа температурасы -1 градус болса, күндіз 7 градус жылылықты көрсетеді. Шымкентте түнде +1 градус, күндіз +10 градус жылы болады.
25 ақпанда Астанада түнде ауа температурасы - 17 градус болса, күндіз - 11 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде 0 градус, күндіз + 5 градус. Шымкентте түнде +2 градус, күндіз +10 градус болады.