Әлем

Белгілі тележүргізуші жаңа туған ұлының фотосын жариялаймын деп жаман әке атанды

Жазылу
Энди Коэн әлеуметтік желідегі парақшасына сәбиінің суретін жүктегенде, сынға ұшырайтынын күтпеген сияқты

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Америкалық тележүргізуші Энди Коэн Instagram желісінде жаңа туған ұлының суретін жариялаймын деп ел-жұрттың сынына қалды. Желі қолданушылары жалғызбасты әкені баланы күте алмайды деп айыптады, деп жазады The Sun.

Суретте Коэннің ұлы Бенджамин төсегінде ұйықтап жатыр. "Жөргекке орап қойдық..." – деп жазып қойыпты жүргізуші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Andy Cohen (@bravoandy)

Фотоға мыңдаған адам пікір жазып қалдырған. Көпшілігі жаңа туған сәбиге жүрегі елжіреп жатса, кейбіреулер Коэнді қатты сынға алды. Желі қолданушыларының пайымдауынша, ол сәбиді дұрыс орамапты, бөбек еркін қимылдап, демала алмай жатыр. "Қатты тартып орап тастағаны несі", - деп атап өтті оқырмандардың бірі. "Бұл өмірде балалар құрттың кебін кимеуі тиіс", - деп ашуланды тағы біреу.

Том Каулитц пен Хайди Клум - Sputnik Қазақстан
Фото
2019 жылы отбасын құратын жұлдызды жұптар - фото

Тележүргізуші елдің ақыл-кеңесінің астында қалды. Адамдар оның балаға үлкендеу төсек алып, бірнеше жастық төсеп қойғанын байқап, кейін сәбидің қозғалуына кедергі жасауы мүмкін екенін ескертті. "Алып тастауды ұмытпа", - дейді ақылгөйлер.

Коэннің фанаттарының бірі қалжыңдап жазғандай, әке болудың ең қиыны – жұрттың түрлі сын-пікіріне төтеп беру. Ол жүргізушіні мінегеннің орнына, керісінше, отбасындағы қуанышын бірге бөлісуге шақырды.

Жаңалықтар
0