22 ақпанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
22 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды
Жыл сайын 22 ақпанда Жапонияда мысықтар күні аталып өтеді. Жапондықтар мысықтың "мяуйын", "нян-нян-нян" дейді екен. Ол жапонша "екі-екі-екі" дегенді білдіреді. Аталған 22.2 күні жапондар мысықтар мерекесін дүркіретіп тойлайды. Аталған мерекені тойлауды мысықтарға арналған азық өндіретін компаниялар ұсыныпты. Тіпті, ол үшін 1987 жылы арнайы комитет құрылған. Осы күні мысық асырағысы келетін азаматтарға үй жануарының сүйікті азығы, оның денсаулығы мен дағдысы туралы көбірек білуге кеңес беріледі.
Сонымен қатар, 22 ақпан – Халықаралық қылмыс құрбандарына қолдау көрсету күні. 1990 жылы 22 ақпанда Англия үкіметі "Қылмыс құрбандарының хартиясын" жариялаған. Осы күннен бастап, өркениетті әлемде бейресми түрде халықаралық қылмыс құрбандарына қолдау көрсету күнін аталып өтеді. Әлемде қылмыс құрбандарына көмек беретін 200 бағдарлама жұмыс істейді.
Сондай-ақ, 22 ақпанда әлемде Жақсы көңілкүй мерекесі аталып өтіледі. Бұл мереке өмірдің әрбір сәтін бағалай білетіндерге арналады.
22 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1901 жылы XX ғасырдағы ең ірі кеме апаты тіркелді. "Рио-де-Жанейрода" кемесі жартасқа соғылып, 128 жолаушы қаза тапты.
1946 жылы медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегері, америкалық ғалым Зельман Ваксман "стрептомицин" атты антибиотик ойлап тапты;
1966 жылы Кеңес одағы ғарышқа "Космос-110" спутнигін ұшырды. Оның бортында Ветерок және Уголек есімді иттер болды;
1990 жылы Англия үкіметі "Қылмыс құрбандарының хартиясын" жариялады;
22 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
2005 жылы Қазақстанда Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіптік одағы атты жаңа аймақтық қоғамдық бірлестік құрылды. Аталған одақты құру туралы шешім 22 ақпан күні Атырауда өткен кәсіподақтық конференцияда қабылданды.
2010 жылы Алматыда патриоттық "Память" атты клуб құрылды. Клубтың мақсаты – сұрапыл соғысты, маңызды қақтығыстар мен Ұлы отан соғысында Қазақстанның да жеңіске деген орасан зор үлес қосқанын есте сақтау;
22 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1732 жылы АҚШ-тың алғашқы президенті және мемлекеттің негізін қалаушы Джордж Вашингтон дүниеге келді. Ол 1797 жылы өмірден озды.
1788 жылы неміс философы, иррационализм мектебінің негізін қалаушылардың бірі Артур Шопенгауэр дүниеге келді. Ол 1890 жылы өкпе қабынуынан көз жұмды.
1921 жылы италиялық актриса Джульетта Мазина өмірге келді. Ол – танымал режиссер Федерико Феллинидің әйелі. Джульетта Мазина күйеуі түсірген "Дорога" және "Ночи Кабирии" атты фильмдерінда ойнаған.
1944 жылы танымал америкалық кинорежиссер, сценарист Джонатан Демме дүниеге келді. Ол атақты "Молчание ягнят" фильмін түсірген. "Оскар" сыйлығының лауреаты;
1810 жылы поляк композиторы, пианист, дарынды музыкант Фредерик Францишек Шопен дүниеге келді. Ол 1849 жылы өмірден озды.
22 ақпанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1938 жылы ақын Совет Әлімқұлов дүниеге келді. Ол 1992 жылы қайтыс болды. Совет Әлімқұлов "Тұңғыш кітап", "Жайсаң жер", "Күн көсем", "Қыран", "Еліктің лағы", "Өрімтал", "Қол айна", "Сыбызғы", "Ораласың ба, көктемім", "Ықылас" атты жыр жинақтары мен "Нұрлы дүние" пьесасының авторы;
1946 жылы биология ғылымының докторы, профессор Нағима Айтхожина дүниеге келді. Ол – Парасат ордені мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасының иегері;
1952 жылы ҚР парламенті мәжілісінің экс-депутаты Оразкүл Асанғазы дүниеге келді;
1961 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитеті төрағасының экс-орынбасары, қазіргі әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қайрат Мыңжанов дүниеге келді. Ол ІІ дәрежелі "Айбын", ІІ дәрежелі княз Александр Невскийдің ордендерімен және медальдармен марапатталған.
1975 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының жетекші балет солисі, педагог Құралай Сарқытбаева дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Таразы белгісінде орналасады. Сабыр сақтаңыз, сізді жаңалыққа толы және сәтті күні күтуде. Дұрыс шешім қабылдап, өзіңізге деген сенімді күшейту арқылы айналаңыздағы адамдарды өз еркіңізге бағындыра аласыз. Бұл сізге пайдасын тигізеді.