АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Танымал қазақстандық журналист Зейін Әліпбек ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Зейін Әліпбеков 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған.
Танымал қазақстандық журналист әр жылдары "Жеті күн" ақпараттық-аналитикалық бағдарламасының жүргізушісі және шеф-редакторы, "Бетпе-бет" және "Yкімет пен әлеумет" бағдарламаларының шығарушы редакторы, Хабар" телеарнасының ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар дирекциясының директоры, "Білім және Мәдениет" телеарнасы директорының орынбасары, "Астана ақшамы" газетінің бас редакторы-директор орынбасары, "Елорда ақпарат" ЖШС директорының кеңесшісі, ҚР вице-премьері-ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
ҚР президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл" мерейтойлық медалінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Мәдениет қайраткері" төсбелгісінің иегері.