Оқиға

Алматыда 22 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

CC0 / SuperHerftigGeneral / Размытый силуэт девушке в дверном проеме, иллюстративное фото
Размытый силуэт девушке в дверном проеме, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызды іздеуге еріктілер мен қоғамдық қауіпсіздік кеңесі тартылды

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Алматыда екі апта бұрын үйінен шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен Анастасия Галеева іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

22 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы жақын құрбысы Валерия Анварова әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

"Менің жақын құрбым Анастасия Эдуардқызы Галеева жоғалып кетті. 10 ақпан күні ГРЭС жақтағы үйінен шығып, сол күйі оралмады. Соңғы рет оны дәл сол күні Жаңа Қуат ауданынан көргендер бар. Содан бері оның қайда жүргені туралы ешбір мәлімет жоқ", - деп жазды фейсбукте Валерия Анварова.

Белгілері: арықша келген, қасында пирсинг, бірнеше татуировкасы бар: білегінде, бұғанасында, аяғы мен сол жақ қабырғасында.

"Егер оны көрген-білгендер болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 87073530309 – Алла, 87078146133, 87059115910 – менің нөмірім", - деп жазды Анварова.

Қызды іздеуге еріктілер мен қоғамдық қауіпсіздік кеңесі де тартылған.

Жігіт - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда 23 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
ҚҚК жетекшісі Ислам Угушев Анастасияның 9 ақпанда сағат 16:34-те үйден шығып, Жаңа Қуат шағын ауданында тұратын құрбысына барғаны туралы жазды. Бойжеткен құрбысының үйінде түнгі 23:30-ға дейін болып, кейін аяқ астынан кетіп қалған.

"Маргарита оны аялдамаға дейін шығарып салуды ұсынған, бірақ Анастасия бас тартыпты. Телефонындағы Google аккаунтының есебіне сүйенсек, ол құрбысының үйінен шамамен 50-100 метрге алшақтайды, содан кейін ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Оны көрген немесе даусын естіген тірі жан жоқ. Бірақ, бір жұмбақ жайт бар. Анастасияның телефоны 10 ақпан таңғы сағат 04:13-те, дәл сол сигнал жоғалған жерде сөнген", - деп жазды Угушев.

Тағы оқыңыз: Астанада төрт күн бұрын жоғалған баланың мәйіті табылды

16 ақпан күні қыздың жоғалғаны туралы Талғар АІІБ-ге арызданған. Алайда, еріктілердің айтуынша, полиция оны іздеуге ешқандай шара қабылдамай отыр дейді.

Анастасияны іздеуге қазір 40-50 шақты ерікті жұмылдырылған.

Жаңалықтар
0