Өңірлер

Қарағандыда 2 мыңнан астам теміржолшыға қысқы киім берілді – Бас көлік прокуратурасы

© Photo : предоставлено пресс-службой национальной компании "Қазақстан темір жолы"пойыз
пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теміржолшыларды қысқы киіммен қамтамасыз етпеген лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қарағанды көлік прокуратурасы теміржол саласының екі мыңнан астам жұмысшысына қысқы арнайы киімнің берілуіне қол жеткізді.

Теміржол - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҚТЖ вагондардың рельстен шығып кету себебін атады
Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының "Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі" филиалы еңбек заңнамасын бұзып, өз қызметкерлерін қысқы киіммен толық қамтамасыз етпеген.

ҚТЖ ұжымдық шартының талаптарына сәйкес теміржолшылардың қысқы киіммен қамтамасыз етілуі жыл сайын 1 қазанға дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша барлық қызметкерге қысқы киім-кешектер берілді. Ал мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жаңалықтар
0