Қоғам

"Қайта суытады" Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуМужчина на улице в морозный день, архивное фото
Мужчина на улице в морозный день, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 21-23 ақпан күндеріндегі ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері күн қайта суытады, бірақ ол ұзаққа созылмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазгидрометтің" ақпаратынша, Қазақстанның бірнеше облысына қар мен боран, қатты жел әкелген циклон Батыс Сібірге қарай ығысты. Оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік-батыс аудандарынан антициклон жылжып келеді.

"Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Бірақ ол ұзаққа бармайды. Қазақстанға кезекті жауын-шашын мен жылу әкелетін атлантикалық циклон қалыптасуда", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде және Қостанай қаласында бұрқасындатып, батыс, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Тағы оқыңыз: Қыста суға түсетін адамдардың ағзасында қандай өзгеріс болады?

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Сонымен қатар, 21 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кейбір аймақтарында бұрқасындатып, желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Тағы оқыңыз: Көктайғақта қалай дұрыс құлау керек? Астаналық дәрігерден кеңес

Түркістан облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, бұрқасын және қатты жел (15-20 м/с).

Маңғыстау облысында және Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады деп болжануда.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астана

  • 21 ақпанда күн бұлтты, ауа температурасы күндіз -6, түнде -7 градус суық;
  • 22 ақпанда күн ала бұлтты, сынап бағанасы күндіз -6, ал түнде -9 градусты көрсетеді;
  • 23 ақпанда күн бұлтты, күндіз -6, түнде -7 градус суық.

Алматы

  • 21 ақпанда күн бұлтты, қар жауады, сынап бағанасы түнде және күндіз +1 градус жылыны көрсетеді;
  • 22 ақпанда күн ала бұлтты, аздаған қар жауады, күндіз -1, ал түнде -3 градус суық;
  • 23 ақпанда күн ашық, ауа температурасы күндіз +3, түнде -3 градус шамасында.

Шымкент

  • 21 ақпанда көшпелі бұлт шығады, күндіз 0, түнде -3 градус суық;
  • 22 ақпанда күн ашық, ауа температурасы күндіз +4, түнде -8 градус болады;
  • 23 ақпанда күн ашық, сынап бағанасы күндіз +8, түнде -7 градусты көрсетеді.
Жаңалықтар
0