Оқиға

Алматыда актриса қаза тапқан жол апаты: кінәлі жүргізушіге үкім шықты

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСотталушы
Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ілияс Кар жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеде өтейтін болады

АЛМАТЫ, 20 ақпан  — Sputnik. Актрисаның өліміне айыпты жүргізуші Ілияс Кар он жылға сотталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Актрисаның қазасы: күдіктінің жанында отырған жолаушы оқиғаны баяндап берді

Он сегізінші ақпандағы екі жақтың жарыссөзі кезінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Кардың өзі айыбын жартылай мойындаған. Ақыры соңында, сот үкіміне сәйкес кінәлі жүргізуші он жылға сотталды, жаза мерзімін қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеде өтейді.

Сонымен қатар, Ілияс Кар көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылды.

Сотталған Кар моральдық шығын ретінде үш жәбірленушінің әрқайсысына үш миллион теңгеден төлеуге міндеттеледі және жәбірленуші Хасеновке материалдық шығын ретінде 2 893 272 теңге төлеуі тиіс. Жәбірленушілер Елгезеков, Қанапия және Әлдібековтің материалдық шығынын сотталған азаматтың туыстары өтеген.

Шолпан Елгезекова туралы не білеміз?

Естеріңізге сала кетсек, Ілияс Кар Mercedes Gelandewagen көлігімен 2018 жылдың 29 желтоқсанында Алматыда жол апатын ұйымдастырды.

Сараптама бойынша ол мас күйінде рөлге отырып, Mitsubishi Galant көлігін соққан.

Жол апатынан Mitsubishi жүргізушісі – 33 жастағы Бақытнұр Қанапия, және екі жолаушы – 45 жастағы Шолпан Елгезекова мен 40 жастағы Динара Хамитова қаза тапты. Тағы бір зардап шегуші Айзада Сатыбалдиева ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген.

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актрисаның жағдайы қалай?

Жаңалықтар
0