Елорда тынысы

"Жоқ-жоқ" Есеп беру кездесуіне келген астаналықтар әкімді жібергісі келмей шулады

© Sputnik / Владислав ВодневАстанчане выстроились в очередь, чтобы задать вопросы акиму
Астанчане выстроились в очередь, чтобы задать вопросы акиму - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақыт Сұлтанов түскі 13:30-да елордалықтарды жеке-жеке қабылдайды

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Бүгін елордадағы "Астана" концерт залында таңғы 10.00-де басталған әкімнің халыққа есеп беру кездесуі екі жарым сағатқа созылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аким Астаны Бахыт Султанов на отчетной встрече с населением  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімі көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселесін шешті
Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі таңғы онда басталған болатын. Қала басшысы алдымен баяндама жасап, кейін тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Екі жарым сағатқа созылған кездесу енді ғана аяқталды. Бірақ залдағы жұрт әкімді жібергісі келмей, шу шығарды.

Астана әкімі шамамен бір сағаттан кейін, сағат 13:30-дан бастап қала тұрғындарын жеке қабылдайды. Әкіммен кездескісі келген тұрғындарға талон беріледі.

Ал Сұлтановтың орынбасарлары секция бойынша бөлініп, елордалықтарды қабылдауды бастап та кетті.

Жаңалықтар
0