АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Астана әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде елордалық тұрғын қазақ тілі туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен қазақ тілінің жанашыры ретінде сізге сұрақ қойғым келіп тұр. Мемлекеттік тілдің мәртебесін сіздер қалай көтеріп жатырсыздар?", - деп сұрады елордалық тұрғын қала әкімінен.
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов арнайы бағдарламалар қабылданғаны, бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанын атап өтті.
"Сіздер білесіздер, бізде қағаздар екі тілде толтырылады. Әр дүйсенбі сайын әкімдіктің отырыстары мен жиындары қазақ тілінде жүргізіледі", - деді ол.