Елорда тынысы

Астанада төрт күн бұрын із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаМальчик
Мальчик - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар ашық кәріз құдықтарының бірінен мәйітті шығарды. Баланың неден өлгені анықталып жатыр

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Астанада 16 ақпан күні жоғалып кеткен баланың мәйіті табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

"19 ақпан күні сағат 16:53-те Астананың Теміржол тұрғын алабында Орталық өңірлік аэромобиль жедел құтқару жасағының құтқарушылары 16 ақпанда үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған 2006 жылы туған баланы іздестірді", - деп жазылған хабарламада.

Атырау қаласында бейіт басынан әйелдің денесі табылды 

Сағат 11:40-та еріктілер ашық кәріз құдықтарының бірінен жоғалған баланың денесін тауып алды, құтқарушылар мәйітті шығарды. Баланың неден өлгені анықталып жатыр.

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған қызды жігіті өлтірген болуы мүмкін

Жаңалықтар
0