Қоғам

Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы

© Sputnik / Владимир Воронин / Медиабанкке өтуАрхивное фото массовой драки
Архивное фото массовой драки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видео кейіпкері қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірді

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желілерде АҚШ қалаларының бірінде болған төбелестің видеосы жарияланды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі роликте екі америкалықпен төбелесіп жатқан жігіт қазақстандық десе, енді бір бөлігі қырғызстандық екеніне сенімді.

Қызыл футболкадағы америкалық қарсыласына жұдырық ала жүгіреді, алайда видео кейіпкері оны бір соққымен нокаутқа түсірген. Кейін ол екінші жігітпен төбелесіп кетеді. Осы жерден видео үзіледі.

Жазбаны Facebook-те Duman Zhumadilov есімді қолданушы жариялады, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Жаңалықтар
0