Оқиға

Талғарда 19 жастағы қыз 40 метр биіктіктен секірмек болды – видео

© предоставлено КЧС МВД РКТалғарда бойжеткен қазандықтың мұржасынан секірмек болды
Талғарда бойжеткен қазандықтың мұржасынан секірмек болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндіруші мен аға инженер қазандықтың мұржасына көтеріліп, бойжеткенмен сөйлескен

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Алматы облысының құтқарушылары биіктігі 40 метр қазандық мұржасынан секірмек болған 19 жастағы қызды райынан қайтарып, аман алып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ученик 10-го класса школы №39 Надир Омаргазиев, спасший пятилетнего ребенка, упавшего в колодец глубиной два метра в Астане - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Су мұздай болды" Астанада оқушы құдыққа құлаған баланы құтқарып қалды
Төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға туралы хабар құтқарушыларға таңертең түскен.

"19-ақпан күні Алматы облысы Талғар қаласының өрт сөндіру станциясына сағат 11:18-де жұмыс істемей тұрған қазандыққа 2000 жылы туған қыз шығып, "биіктен секіремін" деп  азаматтарды қорқытқаны туралы хабар түскен. Қазандық Талғар қаласынан 30 шақырым шердегі Арқабай ауылында орналасқан. Оның биіктігі 35-40 метр", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Талғар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 5 өрт сөндірушісі мен полиция қызметкелері шұғыл жеткен.

"Талғар қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру станциясының маманы Ришад Рахимов пен Талғар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Нұрсұлтан Нұрғалиев қазандыққа көтеріліп, өз-өзіне қол салмақшы болған қызбен сөйлесті. Нәтижесінде олар қызды арнайы арқанның көмегімен түсіріп алды", - делінген хабарламада.

Бойжеткен отбасындағы жанжалдан соң осындай қадамға барған. Құтқарушылар қызды райынан қайтарып, аман алып қалды.

© Photo : ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіТалғарда бойжеткен қазандықтың мұржасынан секірмек болды
Талғарда 19 жастағы қыз 40 метр биіктіктен секірмек болды – видео - Sputnik Қазақстан
Талғарда бойжеткен қазандықтың мұржасынан секірмек болды
Жаңалықтар
0