АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Иракта 25 жастағы әйел жеті бала туды, деп хабарлады Дияла провинциясы денсаулық сақтау провинциясының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің басшысы Фарис әл-Изауидің айтуынша, 6 қыз бен 1 ұл табиғи жолмен дүниеге келген.
Тағы оқыңыз: Түркістан облысында 30 жастағы келіншектің бесем туғаны рас па?
Әл-Изауи жас ана мен жаңа туған сәбидің денсаулығы жақсы деп бағаланып отырғанын атап өтті.
Дияла провинциясындағы әл-Баттуль ауруханасының директоры мұндай жағдай Иракта бұрын-соңды болмағанын айтады.
7 баланың әкесі әйелінен мұндай сыйды күтпеген екен. Енді оның 10 баласы бар.