Әлем

Генетик-дәрігер: бай жігітті баламен ұстап қалғысы келген қыз жазасын алды

© Photo : bingngu93Младенец, архивное фото
Младенец, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстандық бойжеткен ауқатты жігітке тұрмысқа шығуды армандап, ол үшін кез келген нәрсеге дайын болған    

АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. Генетик-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Бибігүл Қарыпбаева Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында іскер жігіттің етегінен ұстап қалу үшін зұлымдыққа барып, опық жеп қалған бойжеткеннің өмірін мысалға келтірді.  

 Оның айтуынша, ауру бала туатынын білген әйелдердің 90 проценті бір шаранаға зар болып жүрсе де жүктілікті тоқтатады.

Қыз бен жігіт - Sputnik Қазақстан
Жігітін зорлады деп айыптаған 18 жастағы қыздың үстінен іс қозғалды
"Қалған 10 проценті әр түрлі себеппен баланы алдырмайды. Кейбір аналар науқас баласына өмір бойы қамқор болуға шешім қабылдайды. Ұрықтың өмір сүруге қабілетсіз екені анқталса да, баланы өмірге әкелетін діндар әйелдер де бар", - деп әңгімесін жалғады Бибігүл Қарыпбаева.

"Бірде іштегі шаранадан қорқынышты CATCH-22 синдромы анықталды – бұл жүректің, бет-әлпеттің, айырша бездің ауытқушылығы дегенді білдіреді... Ондай балалар аман қалмайды. Дегенмен науқас жүктілікті тоқтатуға асықпады.

Ол шалғай қаладан келіп, бішкектік жігіттердің бірін кез келген жолмен ұстап қалуды армандапты. Мұнда жас заңгермен танысады, жігіт ауқатты отбасыдан екен, алайда оның туыстары қалыңдықты қабылдамады", - деп атап өтті ол.  

Дәрігердің айтуынша, бойжеткен күйеуіне баласының диагнозы туралы тіс жармаған.  Бала дүниеге келгенде "анда-мұнда сабылтқан дәрігерлер кінәлі" деп өтірік айтқан.

"Ол жігіт ауру баламен тастап кетпейді деп үміттенді, алайда ол бәрібір кетіп қалды ...", - деп түйіндеді Қарыпбаева.      

Жаңалықтар
0