Мәдениет

Қазақстандық ару Сингапурдегі сұлулық байқауында жеңіске жетті – фото

© Photo : Рixabay/jbundgaaДевушка примеряет диадему, иллюстративное фото
Девушка примеряет диадему, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бойжеткен Miss Heritage International XI Халықаралық сұлулық байқауының беделді титулын иеленді

АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. Алматылық колледждің студенті Гүлбану Мадиярова Сингапурдегі Miss Heritage International 2019 халықаралық сұлулық байқауында жеңіске жетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulbanu Madiyarova⚜️ (@gulbanu_official_)

Он жеті жастағы алматылық байқауға Орталық Азия елдерінің атынан қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulbanu Madiyarova⚜️ (@gulbanu_official_)

"Осындай ауқымдағы байқауларда Қазақстанды таныстыру мүмкіндігін алғаным қандай тамаша. Мен біздің дәстүріміз бен  халқымыздың мақтаныштарын жеткізуге мүмкіндік аламын", - деп жазды ол әлеуметтік желілерде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulbanu Madiyarova⚜️ (@gulbanu_official_)

 Халықаралық байқаудың алғашқы күндерінен бастап Гүлбану көш басында болып, конкурстың Miss Ethnic Heritage 2019 номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПРИНЦ И ПРИНЦЕССА КАЗАХСТАН 🇰🇿 (@princeandprincesskazakhstan)

Финалда ол Miss Face of Ambassador Heritage 2019 номинациясын жеңіп алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulbanu Madiyarova⚜️ (@gulbanu_official_)

Нәтижесінде қазақстандық 30 сұлуды басып озып, Miss Heritage International 2019 XI халықаралық сұлулық байқауының беделді титулын иеленді.

Үздік бестікке Филиппин, Кения, Замбия және Непал өкілдері енді.

Тағы бір алматылық ару Балнұр Әлімхалиева алтыншы орынды және Miss Personality Heritage International 2019 атағын алды. Бұл сайыста ол Қазақстанның намысын қорғады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulbanu Madiyarova⚜️ (@gulbanu_official_)

Гүлбану Мадиярова жыл бойы Heritage International ұйымдастырған Шығыс Азия елдеріндегі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына қатысады.

Қыздар 19 ақпанда Алматыға оралады.

Жаңалықтар
0