Видео

ЭКСПО-дағы элиталы тұрғын үйлер екі жылдан кейін қандай күйде тұр – видео

Жазылу
Халықаралық көрме қонақтарына салынған 42 үйде қазіргі уақытта 1374 пәтер мен 1415 тұрақ бос тұр. Осы пәтерлер мен тұрақтарды сатудан түскен барлық қаржы (шамамен 550 миллион доллар) Қазақстанның Ұлттық қорына 2034 жылға дейін қайтарылуы тиіс

"Бәйтерек девелопмент" АҚ компаниясы сатып алушыларға пәтерлерді көрсетеді. Осы мақсатта ЭКСПО қалашығы аумағында екі шоурум (көрсетуге арналған бөлме) ашылды. Адамдар сайтқа өтінім қалдырып, пәтерлерді көруге жоспарланған уақытта келеді.  

Вид из сферы ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Енді ЭКСПО аумағындағы пәтерлерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады
Үйлерді салумен екі компания айналысты. Бір шаршы метрдің құны – 399 900 теңге (1060 доллар). Бір тұрақ орнының бағасы 735 мың теңге (1 950 доллар) тұрады.

Қазір EXPO Residence тұрғын үй кешенінде 3,9 миллиард теңгеге (10 миллион доллардан астам) 148 пәтер және 72 миллион теңгеге (190 мың доллардан астам) 103 тұрақ сатылды.

ЭКСПО қалашықтағы пәтерлерді табысы ортадан жоғары азаматтар сатып ала алады.

Пәтердің ішіне стандартты жөндеу жүргізілген, қабырғалары бояуға дайын. Бұл үйлердің ерекшелігі әрбір бөлмеде лоджия бар. Бұл бизнес-кластың тұрғын үйіне қойылатын талап.

Пәтерлердің терезесінен көрменің аумағын, сондай-ақ оған жақын орналасқан нысандарды көруге болады. Үйлердің ауласы қоршалған, шлагбауммен жабдықталған. Сондай-ақ аумақта балаларға арналған ойын алаңдары бар.  

ЭКСПО қалашығындағы пәтерді бірнеше тәсілмен, атап айтқанда, қолма-қол ақша, ипотекалық несие рәсімдеу арқылы немесе 12 жылға дейін жылдық үш процентпен бөліп төлеп сатып алуға болады.

Жаңалықтар
0