Өңірлер

Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының ардагері өз туысын өлтірді

CC0 / Bernd Schray / Қарт кісі
Қарт кісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соғыс кезінде алған жарақаты қарияның психикалық денсаулығына әсер еткен

АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында 94 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагері кісі өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды жергілікті "Алау" басылымы.

Қарт кісі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жаркентте 70 жастағы қария күш құрылымдарын бір сағаттай әбігерге салды

Қанды оқиға 2018 жылдың 21 тамызында болған. Затобольск ауылының 94 жастағы тұрғыны Иван Сурков 80 жастағы балдызы Николай Давыдовты гантельмен ұрып, пышақ салыпты. Зейнеткер алған жарақатынан көз жұмады. Жанжалдың неден шыққаны туралы ешқандай ақпарат берілмеген.

Сотта аталып өткендей, ардагер соғыс жылдары үш рет контузия алыпты. Ал 2016 жылы үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Осы жайттардың бәрі қарияның психикалық денсаулығына нұқсан келтірсе керек.

Қостанай облысының қылмыстық сотында соғыс ардагеріне сот үкімі шықты. Сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, психиатрға қаралып, ем алуға міндеттелді. Қарияның өзі соттың бұл шешімімен келіспейді.

Жаңалықтар
0