Астана әкімі көп балалы аналарды өзі қабылдап жатыр - видео
Астана әкімі көп балалы аналарды өзі қабылдап жатыр - видео
Sputnik Қазақстан
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов концерт залына жиналған әйелдердің алдында сөз сөйлеп, кейінірек фойеде тұрғындарды өзі жеке қабылдады 15.02.2019, Sputnik Қазақстан
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов концерт залына жиналған әйелдердің алдында сөз сөйлеп, кейінірек фойеде тұрғындарды өзі жеке қабылдады
Астана әкімінің үстеліне әп-сәтте ұзын-сонар кезек пайда болды. Көп балалы аналар Бақыт Сұлтановқа басындағы қиындықтары туралы айтып жатыр, басым көпшілігінде жұмыссыздық және баспана мәселесі.
Әйелдер бірін-бірі итеріп, біреу кезексіз өтіп кетсе, өзара ұрысысып жатыр. Олар орындыққа отырғысы келмей, қызыл таспаны да елеген жоқ, елордалық әкімдік өкілдеріне қарай баса-көктеп барады.