Әлем

Қазақтың асыл тұқымды қозысы Мәскеу халқын тамсандырды - фото

Жазылу
Мәскеу қаласының халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі "Қалалық ферма" жаңа туған Еділбай қозысына ат қою үшін дауыс беруді жариялады

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Қазақстанда XIX ғасырда пайда болған Еділбай тұқымды қозының дүниеге келуі Мәскеудің халық шаруашылы жетістіктері көрмесінің "Қалалық фермасы" үшін үлкен қуаныш болды. Ғашықтар күнін тойлау қарсаңында көрме тұрғындардан қошақанға ат қоюға көмектесуді сұраған.

Ұсынылған бес есімнің біреуін таңдап, Facebook, Instagram, ВКонтакте желілеріндегі көрменің ресми парақшаларында дауыс беруге болады: Любовь, Мирабель, Венера, Амура және Агапи. Дүниеге келгеніне бір-ақ апта болған биязы жүнді қозыға қолданушылар ең көп дауыс берген ат қойылады, деп хабарланды Мәскеу мэрінің ресми сайтында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВДНХ (@vdnh_russia)

Айтпақшы, кей есімдерді қазақ тіліне аударғанда былай болады: Махаббат (Любовь) және Шолпан (Венера).

"Жаңа туған қошақан өте мейірімді, сипағанды жақсы көреді, көрме қонақтарымен суретке түсуден жасқанбайды. "Қалалық ферманың" зоологтары оның денсаулығы мықты, тәбеті жақсы әрі көңілді екенін атап өтті", - деп мәлімет берді Мәскеудің ХШЖК баспасөз қызметі.

"Қалалық ферманың" жаңа тұрғынының ата-анасы – Еділбай қошқары Елисей мен ұзын құйрықты биязы жүнді Долли. Олардың көрмеде тұрып жатқанына төртінші жыл болды, осы уақыт ішінде үшінші қозысы өмірге келді.

© Photo : Официальный сайт мэра МосквыМәскеудегі "Қалалық фермада" дүниеге келген асыл тұқымды қозы
Қазақтың асыл тұқымды қозысы Мәскеу халқын тамсандырды - фото - Sputnik Қазақстан
Мәскеудегі "Қалалық фермада" дүниеге келген асыл тұқымды қозы

Қошақанның түр-сипаты Еділбай тұқымына ұқсайды, тек салмағы жеңіл. Ата-анасы әр тұқымды болғандықтан шығар, қозының салмағы бір келіден сәл ғана асады. Ал негізінде Еділбай тұқымды қозылардың салмағы жаңа туған кезде 5-6 келі болады.

© Photo : https://www.mos.ru/news/item/51070073/Қозыға ерекше есім қоюға шешім қабылданды
Қазақтың асыл тұқымды қозысы Мәскеу халқын тамсандырды - фото - Sputnik Қазақстан
Қозыға ерекше есім қоюға шешім қабылданды

Айта кетсек, қошақанның есімі үшін дауыс беру 13 ақпанда басталған, 18 ақпанда аяқталып, нәтижесі хабарланады.

Жаңалықтар
0