Өңірлер

Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото

© Sputnik . Дилара ИсаШымкенттегі "төңкерілген үй"
Шымкенттегі төңкерілген үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саябақта фотосалон ретінде ашылған төңкерілген үйді тамашалауға келетіндер көп

ШЫМКЕНТ,13-ақпан – Sputnik. Шымкент қаласының орталығындағы "Қиял әлемі" саябағында төңкеріліп салынған екі қабатты үйді тамашалап келіп, суретке түсушілер көбейген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңадан ашылған үйге келген Жанар есімді келіншек ішіне кіргенде аздап басы айналғанын сезген.

"Бұрын шетелдегі осыған ұқсас үйді әлеуметтік желілерден көретін едік. Өзімізде ашылған соң барып көріп келейік дедік. Бәрі теріс дүние, әсері керемет", - дейді ол.

© Sputnik / Дилара ИсаТөңкерілген үйді күніне 100-150 адам келіп тамашалайды
Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото - Sputnik Қазақстан
Төңкерілген үйді күніне 100-150 адам келіп тамашалайды

Саябақтың бір шетінде орналасқан үйде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен жиһаздар бар. Қызығы, бірінші қабатта үйдің екінші қабаты тұр. Онда балалардың екі бөлмесі мен балкон орналасқан.

© Sputnik / Дилара ИсаШымкенттегі төңкерілген үй фотостудия ретінде ашылған
Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото - Sputnik Қазақстан
Шымкенттегі төңкерілген үй фотостудия ретінде ашылған

Ал екінші қабатта керісінше бірінші қабаты тұр. Кіреберіс есіктегі қоңыраудан бастап үй температурасын өлшейтін құрылғыға дейін теріс орналастырылған. Мұнда холл, асхана, жатын және жуынатын бөлме, дәретхана, балкон бар.

© Sputnik / Дилара ИсаШымкенттегі "төңкерілген үй" фотостудия ретінде ашылған
Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото - Sputnik Қазақстан
Шымкенттегі "төңкерілген үй" фотостудия ретінде ашылған

Төңкерілген үйдің қызметкері Рамазан Боралбайтың айтуынша, бұл үй фотостудия ретінде ашылған. Үйге кіргенде күнделікті көз үйренген көрініс төңкеріліп көрінеді. Келушілердің басы айналып, құлап бара жатқандай күйге түседі екен.

© Sputnik / Дилара ИсаКүнделікті көз үйренген көрініс төңкеріліп көрінеді. Кейбір келушілердің басы айналып, құлап бара жатқандай күйге түседі
Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото - Sputnik Қазақстан
Күнделікті көз үйренген көрініс төңкеріліп көрінеді. Кейбір келушілердің басы айналып, құлап бара жатқандай күйге түседі

"Келушілерді қызықтыратын басты дүние – өзіңді үйдің төбесінде тұрғандай сезіну. Фантастика", -   дейді ол.

© Sputnik / Дилара ИсаТөңкерілген үйде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен жиһаздар тұр
Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото - Sputnik Қазақстан
Төңкерілген үйде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен жиһаздар тұр

Ол төңкерілген үйде күнделікті өмірдегі барлық затқа мән берілгенін айтады. Келушілердің барлығы дерлік суретке түседі. Кіру бағасы – 1500  теңге. Тамашалау уақыты шектеусіз. Мүгедектер, үздік оқитындар мен бес жасқа дейінгі балаларға тегін.

© Sputnik / Дилара ИсаШымкенттегі "төңкерілген үй" фотостудия ретінде ашылған
Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото - Sputnik Қазақстан
Шымкенттегі "төңкерілген үй" фотостудия ретінде ашылған

"Әлі күнге үй жаңа жылдық безендірумен тұр. Әр мерекеге сәйкес үйді безендіреміз. Келушілер көп. Күн жылынғанда, демалыс күндері келушілер көбейеді. Орташа есеппен күніне 100-150 адам тамашалайды", - дейді Рамазан Боралбай.

© Sputnik / Дилара ИсаТөңкерілген үйде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен жиһаздар тұр
Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото - Sputnik Қазақстан
Төңкерілген үйде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен жиһаздар тұр
© Sputnik / Дилара ИсаӘр мерекеде үй безендіріледі
Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото - Sputnik Қазақстан
Әр мерекеде үй безендіріледі
© Sputnik / Дилара ИсаҮйге кіру бағасы – 1500 теңге. Мүгедектер, үздік оқитындар мен бес жасқа дейінгі балаларға тегін
Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото - Sputnik Қазақстан
Үйге кіру бағасы – 1500 теңге. Мүгедектер, үздік оқитындар мен бес жасқа дейінгі балаларға тегін
Жаңалықтар
0