Өңірлер

Ақтауда жоғалып кеткен әйел туралы ақпарат үшін қомақты сыйақы жарияланды

CC0 / MahdiyaTatjana/pixabay.com / Әйел
Әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ізім-қайым жоғалып кеткен Ақтау тұрғыны Гүлбибі Бимырзаеваны 2018 жылдың 30 қарашасынан бері іздеп жатыр

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Үш айдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен Гүлбибі Бимырзаеваның туыстары оның қайда екені туралы сенімді ақпарат берген адамға ірі көлемде ақшалай сыйақы төлеуге дайын екенін жариялады.

Әйелдің жоғалып кеткені туралы 2018 жылы қарашаның соңында белгілі болды, деп хабарлады ИнАктау порталы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 💚САЙТ О ЖИЗНИ ГОРОДА АКТАУ (@inaktau.kz)

Әбден уайымдаған туыстары бірден полицияға хабар беріп, арыз жазған, алайда полиция департаменті әйелді әлі күнге дейін таба алмай отыр.

Жігіт - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда 23 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Ал 50 жастағы Гүлбибінің туыстары мен жақындары полициядан бөлек өз күштерімен іздеу жүргізуде. Оны табуға көмектесетін ақпарат берген адамға туыстары ірі көлемде сыйақы ұсынып отыр – 2 миллион теңге. Бұл хабарландыру Ақтаудың бүкіл аудандарында ілінген.

Гүлбибі Бимырзаева 2018 жылы 30 қарашада із-түзсіз жоғалып кетті. Оны сол күні соңғы рет Ақтаудың 6-шы шағын ауданындағы тіс емханасынан көріпті. Бақылау камерасына түсірілген жазба бойынша, әйел кешкі бес пен алты аралығында емханадан шығып барады. Ол сол беті хабар-ошарсыз кеткен.

Жоғалған күні үстіне жасыл пальто киіп, басына орамал таққан, аяқ киімінің түсі қара.

Гүлбибі Бимырзаеваның қайда екенін білетін жан болса, туыстары келесі нөмірге хабарласуды сұрайды +7 701 403 26 19, +7 775 886 44 13, +7 708 296 63 72 немесе "102".

Жаңалықтар
0