Оқиға

Теңіз кен орнында 25 жұмысшы уланып қалды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлердің айтуынша, 21 жұмысшы амбулаториялық ем алуға жіберілген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Теңіз ауылында "ЮлмарСервиз" ЖШС-нің 25 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін нашар сезінген. Олар улану белгілерімен Құлсары орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Күріш, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Әлем
Діни рәсім кезінде 11 адам күріш жеп, көз жұмды

Медициналық қызметкерлер хабарлағандай, науқастардың 21-ін дәрігерлер қарап, амбулаториялық ем алуға жіберген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Қазір науқастардың жағдайы бір қалыпты. Улану себебі сараптама нәтижесінде белгілі болады, деді аудандық аурухананың бас дәрігері Зылиха Құлғазиева.

Бұдан бұрын Қарағанды облысы Абай қаласында жаппай улану жағдайы болған еді. Ол кезде дөнер жеп уланған 12 адам медициналық көмекке жүгінген.

Шымкенттіктер балмұздақтан жаппай уланды

Жаңалықтар
0