Видео

Баласына араша түскен борсық леопардқа жан ұшыра тап берді - видео

Жазылу
Борсық азулы жыртқыштан тайынбай, қарсы шабуыл жасап, баласын құтқарып қалды

Оңтүстік Африкадағы ұлттық саябақты мекендейтін аңдардың өміріндегі қызықты жайтты жабайы табиғатты таныстыруға келген гид видеоға түсіріп алған.

Леопард борсықтың баласын бас салған кезде, күтпеген жерден қарсылыққа тап болды. Ұрғашы борсық оған жан ұшыра шабуылдап, баласына араша түскен. Жекпе-жек бірнеше секундқа ғана созылып, есеңгіреп қалған жыртқыш тез арада ізін суытты.

Арыстан "сүйіктісіне" еркелеймін деп бәлеге қалды - видео

Негізінде леопардтар борсықтарға тиіспейді, өйткені бұл аңдар қауіпті қарсылық көрсетуі мүмкін. Ұлттық саябақ қызметкерлері түсіндіргендей, екі жасар жыртқыш тәжірибесіздігінен борсықтың баласына ұрыныпты.

Жылан итті тұншықтырды, балалар көмекке келді: оқиғаның соңы - видео

Сөйтіп, кішкентай борсық та, анасы да аман қалды.

Жаңалықтар
0