Спорт

Қазақстан "Азия балалары" ойындарында тағы екі алтын жеңіп алды

© Sputnik / Тимур БатыршинЭтап Кубка мира по шорт-треку
Этап Кубка мира по шорт-треку - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шорт-тректен ерлер командасы Оңтүстік Корея мен Сібір командасындағы қарсыластарынан мықты болып шықты

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Оңтүстік Сахалинде "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындары жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына тағы үш медаль түсті.

Алексей Полторанин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстанның атақты шаңғышысы Еуропадағы жарыста алтын жүлде иеленді
Шорт-тректен Қазақстан ерлер командасы Оңтүстік Корея мен Сібір командасын басып озып, эстафетадан алтын медаль иеленді. Қыздарымыздың еншісінде күміс бар. 

Шаңғымен тұғырдан секіруден бақ сынаған Вероника Шишкина алтын медаль алса, биатлоншы Вадим Куралес екінші рет тұғыр биігінен көрініп, "қола" еншіледі, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. 

Арина Шешукова екінші күміс жүлдесін жеңіп алды. 

Еске сала кетейік, "Азия балалары" турниріне 16 жастан кіші спортшылар қатысады.

 

Жаңалықтар
0