АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Желіде Маңғыстау облысындағы кен орнында болған қуғынның видеосы жарияланды, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.
УАЗ жүргізушісі мұнай кәсіпорнының қауіпсіздік қызметінен қашып кетуге тырысыпты. Қызметкерлер қашқынды ВАЗ-2121 қызметтік көлігімен қуған.
Бұл қуғын ұзаққа созылмай, жүргізуші ақыры соңында ұсталды.
Басылым келтірген кей деректерге сүйенсек, УАЗ жүргізушісі дизель отынын заңсыз сатып алған болуы мүмкін.