Қоғам

Нью-Йоркте ұсталған қазақ қызының сот алдына қашан келетіні белгілі болды

© Sputnik / Артем Житенев / Медиабанкке өтуЖенщина в клетке для подсудимых. архивное фото
Женщина в клетке для подсудимых. архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол өзін риелтор ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алып, артынша хабарсыз кеткен

АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. АҚШ-та ұсталған 24 жастағы қазақстандық Махаббат Әбдуалиеваның ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы наурыздың ортасына белгіленді. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Пассажир смотрит на самолеты в аэропорту - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Үндістанда ұсталған қазақстандыққа қатысты істің мән-жайы белгілі болды
Өткен айдың соңында Нью-Йорк полициясы 24 жастағы қазақстандық Махаббат Әбдуалиеваны ұстаған болатын. Анықталғандай, ол өзін риелтор ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алып, артынша хабарсыз кеткен.

"Бірінші сот тыңдауы наурыздың ортасына белгіленіп отыр. Қазір ол бостандықта, адвокаты жұмыс істеп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Сондай-ақ, ол былтыр Нью-Йоркте алаяқтықпен айналысты деген күдікпен ұсталған үш қазақстандыққа қатысты да тоқталды.

"Олардың үшеуі де кепілпен босатылды. Бірінші сот тыңдауы 7 ақпанда өткен болатын. Бірақ мамыр айының басына шегерілді. Себебі, біз бұған дейін хабарлағандай, тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деді ол.

Айтуынша, аталған іске 25 адамның қатысы болуы мүмкін. Сондықтан тергеу ұзаққа созылып кетті.

Жаңалықтар
0