Қоғам

Түркістанда тойханалар енді түнгі он бірге дейін ғана жұмыс істейді

CC0 / Pexels / Ғашықтар, қос ғашық, той, жұбайлар, жұп
Ғашықтар, қос ғашық, той, жұбайлар, жұп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан әкімі Әліпбек Өсербаев шаһардағы ойын-сауық орындары мен мейрамханалардың басшыларына арнайы ескерту жасады

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Түркістанда тойханалар мен дәмханалардың түнгі 11-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Қала әкімі Әліпбек Өсербаев шаһардағы ойын-сауық орындары мен мейрамханалардың басшыларын жинап, арнайы ескерту жасады. Бұл – шаһардағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін қолға алынған шара.

Жаппай төбелес - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Биші қызға таласқан жігіттер тойда жаппай төбелесіп кетті — видео
Мақсұт Рысметовтың дәмхана ашып, іс бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұған дейін түрлі саланың құлағын ұстап көрген жігіт ағасы өткен жылы ғана жаңа кәсіпті бастаған екен. Бүгінгі ескерту оның құлағына ерсі естілді. Өйткені "бұл шектеу шаһардағы кәсіпкерлікке әжептеуір кедергі келтіреді" деп есептейді ол. Сол үшін жаз мезгілінде аталған уақытты ұзартса деген өтінішін жеткізді, деп хабарлады Хабар 24.

"Жаз айында қайта қарастыру керек. Өйткені 9-10-да күн батады. Адамдар, әсіресе Түркістанның халқы 8 сағат жұмыс істемейді ғой. 9-10 дейін кешкі салқынмен жұмыс істейді", - дейді кәсіпкер Мақсұт Рысметов.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойы күйеу жігітсіз өтті, не жағдай болғанын асаба айтып берді

 Ал Мұхаббат Ибрагимованың Мақсұтқа қарағанда бұл саладағы тәжірибесі мол. Оның дәмхана, мейрамхана ашып, қонақ үй бизнесін жүргізіп келе жатқанына 18 жыл болыпты. Көпті көрген келіншек "қала әкімінің шаһардағы тынышты сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ойын-сауық орталықтарын кешкі сағат 23:00-ден кейін жабу керек" деген ұсынысын қолдап отыр. Өйткені мейрамханаға келетін мәдениетті қонақтар кешкі сағат 11-ге дейін тапсырыс беріп, көңіл көтеріп кетеді. "Ал одан кейін келгендер тек ішімдік ішу үшін ғана отырады", – дейді.

Той - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Басқа проблема жоқ па?" Тоқаевтың тойға қатысты ұсынысы кімге жақпай қалды?
"Сағат 11-ден кейін отырған адам дәмхана иелерінің мазасын алады. Екіншіден, ол таңға дейін тентіреп жүргеннен кейін ертесіне жұмысқа да бара алмай қалады. Қаламызда тәртіпсіздікті көбейтеді. Қала әкімі ойлана келіп, осындай тура шешім шығарды деп ойлаймын", - деп атап өтті кәсіпкер Мұхаббат Ибрагимова.

 Айтып өтейік, Түркістанда тойханалар мен дәмханалардың саны 100-ден асады. Солардың 40 пайызында қылмыстың көп болатыны анықталыпты. Енді қалалық жергілікті полиция өкілдері кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, арнайы рейд шараларын жүргізеді. Кешкі сағат 23:00-ден кейін ереже бұзып, жұмысын тоқтатпаған ойын-сауық орталықтарының иелеріне 50 айлық есептік көрсеткіш (126 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. 

Тағы оқыңыз: Тойда билеген толық әйел жұртты күлкіге қарық қылды  

Жаңалықтар
0