АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Екі салмақ дәрежесінде кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова қаза болған ресейлік боксшы Александр Костроминнің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Менің андеркардымда өнер көрсеткен боксшы Александр Костроминді өлтіріп кетті! 9 ақпанда 30 жасқа толар еді. Александрдың артында әйелі мен бес жасар ұлы қалды. Отбасына қайғырып көңіл айтамын. Оның жоғары жетістіктерге жету жолындағы өмірі осылай тоқтап қалғаны өте өкінішті", - деп жазды Шәріпова инстаграмдағы парақшасында.
Костроминді Белгородта 7 ақпан күні атып кетті. Костромин кәсіпқой бокстағы үш жекпе-жегінде де жеңіске жеткен, екеуін мерзімінен бұрын аяқтады. 16 ақпанда Латвияның Рига қаласында оның төртінші жекпе-жегі өтуі тиіс болатын.