АСТАНА, 8 ақпан — Sputnik. Республика бойынша атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлердің кей жерінде жауын-шашын түседі. Кей жерде тұман, көктайғақ болып, боран және қатты жел соғады.
Өңірлердегі ауа райы
Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні – 20-25 м/с, түнде кей жерде тұман.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерде тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, Жамбыл, Қызылорда облыстарында – көктайғақ.
Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерде боран соғады, желдің екпіні 15-20 м/с.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – боран.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман, Батыс Қазақстан облысында – көктайғақ.
Дабылды ескерту
Солтүстік Қазақстан облысында қатты боран соғады, деп хабарлады Қазгидромет.
Қостанай облысында 9 ақпанға дабылды ескерту жарияланған – өңірде кей жерде боран, тұман болады. Түнде кей жерде оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.
Ірі қалалардағы ауа райы
Шымкентте сенбі күні ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз болады, күндіз ауа температурасы 2-6 градус жылы болса, түнде – 1-3 градус аяз.
Алматыда демалыстың бірінші күнінде ауа райы көшпелі бұлтты болып, ауа температурасы біртіндеп ұлғаяды: түнде 8-9 градус аяз болса, күндіз 3-5 градус нөлден төмен.
Демалыс күндері елордада аяздың беті қайтады. Ауа температурасы түнде 19-22 градус аязды көрсетсе, күндіз 15-11 градус нөлден төмен болады. Түстен кейін қар жауады.