Өңірлер

Павлодар облысында үйден бір отбасындағы төрт адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Владислав ВодневНа печи – чайники, а рядом продукты
На печи – чайники, а рядом продукты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ысты газдан улану салдарынан екі бала ата-анасымен бірге көз жұмды

АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Ұзынбұлақ ауылында бір отбасының төрт адамы иіс тиіп қаза болды. Бұл туралы аудан әкімдігі мәлімдеді.

"Ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам – ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапты", - деді әкімдіктегілер.

Похороны 5 девочек, погибших при пожаре в Астане - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бес баланың өлімі: үй иесі қанша жылға сотталуы мүмкін екені анықталды
Алдын ала болжам бойынша, өткен түні пештен ақау шыққан. Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң сағат 21.00-де туыстарының бірі Бекбатыровтардың үйіне барып, есік ішінен жабық тұрғанын көрген. Ер адам есікті бұзып кірген кезде отбасы мүшелері қимылсыз жатқан.

"Жүктіліктің жетінші айында көз жұмған Наталья Бекбатырованың екі қызы сол күні Баянауыл ауылында оқуда болған, – дейді аудан әкімі аппаратының жетекшісі Қайыргелді Абылғазин. – Олар аграрлық колледждің 1 және 2 курс студенттері. Қазіргі таңда ұстаздар мен дәрігерлердің бақылауына алынған. Балалардың туған әкесі 2014 жылы ақпанда қайтыс болған".   

Астанада қаза болған бес баланың ата-анасына қарсы қылмыстық іс қозғала ма?

Отбасы әлеуметтік әлжуаз топқа енген. Асыраушысынан айырылған отбасы ретінде ай сайын 50 мың теңге төленген.

Наталья Бекбатырованың анасы мен бауыры, әпкесі Ұзынбұлақ ауылында тұрады, деп жазды pavlodarnews.kz.

Ер адам Қарағанды облысы Осакаров ауданының тұрғыны. Шұбаркөл разрезінде вахталық әдіспен жұмыс істеген.  

Жаңалықтар
0