Мәдениет

Димаштың америкалық шоуда орындаған әні – толық видео

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуДимаш Кудайберген на концерте "Песня года-2018"
Димаш Кудайберген на концерте Песня года-2018 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Таланттар шоуында қазақстандық әнші 98 ұпаймен екінші кезеңге өтті

АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Желіде Димаш Құдайбергеннің америкалық The World's Best шоуының бірінші кезеңінде орындаған әнінің видеосы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстандық орындаушы дарындылар шоуының алғашқы кезеңінде SOS d'un terrien әнін шырқады. Әншінің өнеріне тәнті болған әділ қазылар алқасының үш мүшесі де Димашқа 50 ұпайдан қойды. Ал әртүрлі саладан жиналған 50 сарапшы отандасымызға 98 балл берді.

Айта кетсек, бүгін Астана уақытымен таңғы 07:00-де CBS телеарнасында Димаш Құдайберген қатысқан The World's Best шоуының алғашқы кезеңі трансляцияланды.

Димаш Мәскеуде жеке концертін береді

Америкалық шоуда, Димашпен қатар, Қазақстаннан жас орындаушы Данэлия Төлешова да бақ сынады.

Майра Ілиясова: Ринаттың Димашта жұмысы болмасын

Жаңалықтар
0