Оқиға

Шымкентте ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековКісі өлтіру
Кісі өлтіру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қанды оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Ақпанның 5-інен 6-сына қараған түні Шымкенттегі бай аудандардың біріндегі жеке тұрғын үйде ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бетін жауып отырған қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте мектептен үйге келе жатқан оқушы қызды зорлап кетті

Ерлі-зайыптының қазасына байланысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қажетті сараптамалар тағайындалып, күдіктілерді анықтап ұстау бойынша жедел іздеу шаралары атқарылып жатыр. Шымкент қаласының полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған.

Тағайындалған процестік прокурор тергеу барысын ерекше бақылауына алды.

Басқа ақпарат тергеуге кедергі келтірмес үшін хабарланған жоқ.

Шымкентте өзін өлтірмек болған бойжеткен "күйеу жігіттен" көрген қорлығы туралы айтты

Қаза тапқандардың көршілерінің сөзіне сүйенсек, ерлі-зайыптыны атып кетіпті, алайда ешкім атылған оқ дыбысын естімеген. Расталмаған деректер бойынша, ерлі-зайыптыға қастандық жасалған кезде үйде олардың немересі де болған болуы мүмкін.

Шымкенттегі даулы видеоны кейіпкері сотта ақталды

Жаңалықтар
0