Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 ақпан

© Sputnik / Владислав Воднев7 ақпан - күнтізбе
7 ақпан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 38-ші күн. Жыл соңына дейін 327 күн бар.

7 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         7 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды

Жыл сайын 7 ақпанда Ресейде іскерлік білім күні тойланады. Алғаш рет 2017 жылы аталып өткен. Мерекені тойлауға бастамашы болған Орыс басқару мектебі - Ресейдің заманауи іскерлік білім беру саласының негізін қалаушылардың бірі. Күні де кездейсоқ таңдалмаған. Ақпан айында дәстүрге сай жаңа жобалар жоспарланып басталады. Алдыңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейін компаниялар атқарған істерін қорытындылап, келешекке жоспар құрады. Бұл кезде түйіткілді бағыттар бойынша жұмысты жеңілдету үшін жаңа әдіс пен білім қажет. Жыл сайын іскерлік саласы жылдам өзгеріп, бұрынғы әдістер жарамсыз болғандықтан, жаңа дүниелерді меңгеріп, білімін толықтыру өте маңызды.

Жапонияда бүгін Ресей заңсыз басып алды делінген Оңтүстік Курил аралдарын қайтаруды жақтайтын Солтүстік аумақтар күні аталып өтеді. Бұл мемлекеттік мереке емес, себебі мақсаты мүлдем басқаша. 1981 жылдан бастап Солтүстік аумақтар күнін енгізген Күн шығыс елінің билігі Курил аралдарын Жапония құрамына қайтаруға қатысты Токио ұстанымының үзілді-кесілді екенін көрсетті. Осы қадамымен жапон үкіметі "солтүстік аумақтарды" қайтаруға бағытталған қоғамдық ұйымдардың әрекетіне заңды негіз құрып берді.

Сонымен қатар бүгін – Өрт сөндіргіштің туған күні. 1863 жылы 7 ақпанда америкалық инженер Алан Крей өрт сөндіруге арналған құрылғыны патенттеді. XVII ғасырда өрт сөндіргіштердің "прототипі" су құйылған шыны құтылар еді, ал XVIII ғасырдың басында кеспек тәрізді өрт сөндіргіштер пайда болды. 1815 жылы өрт сөндіруге арналған құралдарды калий, ашудас, сабын ерітіндісімен толтыра бастаған, ал 1816 жылы ағылшын Д. Мэнби ауа қысымымен су шашырататын металл цилиндр пішініндегі өрт сөндіргішті ойлап тапты.

         7 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1845 жылы Вандал Уильям Ллойд Британ музейіндегі айрықша Портленд құмырасының күл-талқанын шығарды;

1889 жылы америкалық Герман Голлерит алғашқы электрлі есептеуіш машинаны патенттеді;

1906 жылы SOS сигналы алғаш рет халықаралық апат сигналы ретінде ұсынылды (бұрын кемелерде қолданылған CQD кодының орнына);

1940 жылы Уолт Диснейдің екінші толық метражды "Пиноккио" мультфильмінің тұсаукесері өтті. Фильм екі "Оскар" жүлдесін иеленген.

         7 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1930 жылы Қазақстанның оңтүстік өңірінде көтеріліс болған. Аз ғана уақыт ішінде Созақта құқық қорғау органдары жеңіліс тауып, қызметкерлері қаза болып, 20 шақытысы тұтқындалды. Көтеріліс басшысы Сұлтанбек Шолақұлы хан болып сайланған. Оның соңынан ергендер "Кеңес үкіметі құрысын", "Хандық үкімет жасасын", "Қазақ үкіметі жасасын" деп ұрандатқан еді;

1964 жылы Қазақ академиялық драма театрының сахнасында Шыңғыс Айтматовтың "Ана – Жер-Ана" спектаклінің тұсаукесері болды;

2013 жылы белгілі ақын Сырбай Мәуленовтің 90 жылдығы тойланды;

2014 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочи қаласына XXII қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына барды.

         7 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1812 жылы Чарльз Диккенс дүниеге келді –  бұл әйгілі ағылшын жазушысы "Оливер Твист" романымен көпшілікке белгілі. Кітап қазірдің өзінде өзектілігін жойған жоқ. Чарльз Диккенстің басқа танымал романдары – "Пиквик клубының соңынан қалған хаттар", "Дэвид Копперфильд", "Зор үміт", "Екі қала туралы повесть";

1897 жылы кеңес ғалымы, биофизик, гелиобиология, аэроионификация, электрогемодинамиканың негізін қалаушылардың бірі, өнертапқыш (электрлі бояу), философ, ақын, суретші Александр Чижевский дүниеге келді;

1975 жылы америкалық музыкант, "Limp Bizkit" тобының гитарисі ретінде көпшілікке танымал Уэс Борланд өмірге келді;

1978 жылы америкалық актер Эштон Катчер дүниеге келді. Ең танымал фильмдері: "Сезон охоты", "Однажды в Вегасе", "Два с половиной человека".

         7 ақпанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1933 жылы физика және математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ғылым академиясының академигі Сәдуақас Ерматов дүниеге келді;

1948 жылы суретші, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Зейнегүл Түсіпова дүниеге келді;

1949 жылы актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Гүлжамал Қазақбаева дүниеге келді.

         Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады.Бұл күн өшпенділік пен қырсықтыққа толы болады, кикілжіңнен бойыңызды аулақ ұстауға тырысыңыз. Жақындарыңызмен келіспей қалуыңыз мүмкін, жағымсыз эмоцияға берілмей, өзгелердің көңіліне қараңыз.

Жаңалықтар
0