Қоғам

Гауһар Әлімбекова халықтан кешірім сұрап, көзіне жас алды

© Photo : Instagram Гауһар ӘлімбековаӘнші-композитор Гауһар Әлімбекова
Әнші-композитор Гауһар Әлімбекова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өнер жұлдызына алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Таяуда алты жылға сотталып, қолхатпен түрмеден босап шыққан әнші Гауһар Әлімбекова instagram-дағы парақшасында жанашыр жандарға дер кезінде алғыс айта алмағаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Мәдениет министрі: Гауһар Әлімбекованың алаяқтың құрбаны болғанына сенемін
"Мен сіздерден алдымен кешірім сұраймын. Келе сала сіздерге алғысымды білдіріп, сәлем жолдауым керек еді. Бірақ суық жерден келген соң, мазам болмай жатып қалдым, қазір ғана есімді жинап жатырмын", - деген әнші көзіне жас алды.

Гауһар Әлімбекова жанашыр жандардың қолдауымен жағдайы сәл де болса жақсарғанын, туған-туыстың арасына оралғанын атап өтті. Айтуынша, негізгі шешім аппеляциялық сот кезінде белгілі болады.

"Құрметті БАҚ өкілдері! Қымбатты менің Мақпал әпкем, Майра әпкем бастаған өнердегі әріптестерім! Қазақ халқым! Осы видео арқылы мен үшін алаңдаған әрбір жанға шын алғысымды айтамын", - деп түйіндеді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гауһар Серікбайқызы Əлімбекова (@gauhar_alimbekova_official)

Айта кетсек, әнші сот үкімі күшіне енгенге дейін үйқамақта болады.

Тағы оқыңыз: Гауһар Әлімбекова түрмеден шықты
30 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты өнер жұлдызын алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Әншімен қоса сот алдында 2016 жылы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған Феруза Ордабаева да жауап берді. Анықталғандай, айыпталушылар танысына ірі тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алып беруді уәде етіп, ақшаны қайтармай қойған.

Тағы оқыңыз: "Алланың осы сынақты бергеніне шүкір" Әлімбекова түрмеден хат жолдады

Феруза Ордабаева 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол бұған дейін де сотталғаны, жазасының бір бөлігін әлі өтемегені белгілі болды.

Жаңалықтар
0