АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде қолма-қол есеп айырысу бойынша лимит белгіленуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сүлейменовтің айтуынша, министрлік қаржы ведомствосымен бірлесіп экономикадағы қолма-қол ақшасыз ақша айналымын ұлғайтуға бағытталған салық, сауда саясаты, салалық реттеу шаралары жөніндегі мәселені пысықтамақ.
"Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қолма-қол есеп айырысу бойынша лимитті белгілеу және жылжымайтын мүлік пен көлікті міндетті түрде қолма-қол ақшасыз сату және басқа да мәселелер қаралатын болады", - деді министр үкімет отырысында.
Салықты электронды төлеу жеңілдейді
Ол министрліктің жұмысы 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының нысаналы индикаторларын орындауға бағытталғанын атап өтті.