Экономика

Қазақстаннан АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейсі қашан ашылады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда Токио бойынша жапон тарапымен келісімге қол қойылған

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл "Эйр Астана" компаниясымен бірлесіп Токио, Нью-Йорк, Шанхай бағыттары бойынша әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұшақ жолаушылары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қайдасың, Грузия: Астанадан Батумиге әуе рейстері қайта ашылды

Үкіметтің кезекті отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек "Ашық аспан" жобасы туралы баяндады.

Қасымбектің айтуынша, биыл министрлік "Эйр Астана" әуе компаниясымен бірлесіп Токио, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалалары бағыттары бойынша әуе қатынасын ашу жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.

Рейсті бірде-бір рет кешіктірмеген қазақстандық әуе компаниясы анықталды

"Қазіргі таңда Токио бойынша жапон тарапымен келісімге қол қойылды", - деді ол.

Сондай-ақ, биыл АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдері басталмақ.

"Министрлік "Ашық аспан" жобасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жобасын қол қоюға әзірледі. Қол қою биыл наурыз айына жоспарланды", - деді Қасымбек.

Министр биыл ірі қалаларда 4 бағыт бойынша әуе рейстерін ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Қазақстан азаматтары үшін АҚШ-та визасыз режим қашан енгізіледі

Жаңалықтар
0