Қоғам

Қазақстанда миллионнан астам адам мемлекет сыйлықақысын алды

© Sputnik / Болат ШайхиновКупюры номиналом 500, 1000, 2000 тенге, иллюстративное фото
Купюры номиналом 500, 1000, 2000 тенге, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 202 900 салымшысы ең жоғарғы көлемде мемлекет сыйлықақысын алды


АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 038 869 салымшысына мемлекет сыйлықақысы төленді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Пайыз - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Ипотека алу үшін қандай құжаттар керек

Қаржылық ұйым клиенттерінің шотына жалпы алғанда 28,6 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылғы банк салымшыларына төленген қаражаттан 5,6 миллиард теңгеге артық.
Мемлекет сыйлықақысын төлеуге арналған соманың ұлғаюы банк клиенттері санының өсуіне байланысты болып отыр. Мәселен, өткен жылы 20% көлеміндегі сыйлықақы 896 620 адамға берілген еді.

Ал, 96 200 теңгені құрайтын ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын 202 900 банк клиенті алды. Яғни, аталған азаматтар 2018 жылы шоттарына кемінде 481 000 теңгені немесе 200 айлық есептік көрсеткішті құрайтын қаражат сомасын жинаған. Депозитінде бұдан да үлкен қаражат сомасын жинаған клиенттер сыйлықақы төленбеген жинақ сомасы бойынша мемлекеттік бонусты 2019 жылдың нәтижесінде алатын болады.

Жаңалықтар
0