Әлем

Темір-терсек жинап жүрген бала әскери базадағы жарылыстан қаза тапты

© Sputnik / Искандар Аминов / Медиабанкке өту201-ші әскери база
201-ші әскери база - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәжікстандағы ресейлік әскери полигонның аумағында қайғылы оқиға болды

АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Тәжікстанда 201-ші ресейлік әскери база аумағында оқ-дәрі жарылысынан тоғызыншы сынып оқушысы ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.

Он бір айлық - Sputnik Қазақстан
Ресейде тұрғын үйде болған жарылыс: үйінді астынан 11 айлық бала тірі табылды

Бастапқы тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, Рудаки ауданының тұрғыны 16 жастағы Сироджиддин Раджабов полигон аумағына жасырын кіріп, темір-терсек жинамақ болған. Өкінішке орай, оқ-дәрі жарылып, жасөспірім қаза тапты.

Оқиғаға қатысты басқа деректер жарияланған жоқ.

Ресейдің 201-ші әскери базасы – Орталық әскери округ құрамындағы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әскери бөлімі. База Тәжікстанда орналасқан.

Жаңалықтар
0