Әлем

Құжатын айырбастамақ болған келіншек аяқасты өз-өзіне тұрмысқа шықты

CC0 / pixabay.com / Қалыңдық
Қалыңдық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл қызық жайт қағаз төлқұжатты айырбастап жатқанда болған

АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Украинаның Днепр қаласы тұрғыны ресми түрде өз-өзіне тұрмысқа шықты. Жергілікті "Информатор" басылымының хабарлауынша, бұл оқиға көші-қон қызметі өкілінің қателігінен болған.

Қалыңдық архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ел естімеген оқиға: Қалыңдық үйлену тойында жігітін масқаралады

Қағаз төлқұжатты ID-картаға (Украина азаматының жаңадан бекітілген жеке куәлігі) айырбастап жатқанда, паспортшы әйел "Отбасылық жағдайы" деген жерге төлқұжат иесінің күйеуінің емес, өзінің есімін жазып қойған.  

Енді жеке деректерді қарағанда, Анна Аннаға тұрмысқа шыққан дегенді көруге болады. Қызмет көрсету орталығы тілшілердің сұрағына қателікті "загсте" жөндеуге болады деп жауап беріпті. Бір қызығы, оларда тиісті құрылғы жоқ болып шықты. Әрине, көші-қон қызметі арқылы да "қайта күйеуге шығуға болады", бірақ ол үшін электронды кезекке алып, немесе орталыққа барып сол жерде кезекке тұруы керек.

Барлық мекемелерде тиісті құрылғының қашан пайда болатыны әзірге болашақтың еншісінде.

Жаңалықтар
0