Өңірлер

Шығыста – қақаған қыс, оңтүстікке көктем келеді: 3 ақпанға ауа райы болжамы

© PhotoҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. 3 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ғана күн жайма шуақ болады.

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, төменнен соққан боран. Кей аудандарда жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.

Өңірлердегі ауа райы

Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с.

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазгидромет ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Түркістанда түнде ауа температурасы 0 градус, күндіз 11 градус жылы. Өскеменде сынап бағанасы түнде он алты градус нөлден төмен, күндіз 11 градус аяз болады. Шығыс Қазақстанда қар жауып, боран соғады.

Маңғыстау және Атырау облыстарында тұман және көктайғақ болады.

Қостанай облысында, түнде Жамбыл облысында, күндіз Қарағанды облысында кей жерде желдің екпіні — 15-20 м/с, кей жерде тұман.

Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде төменнен соққан боран, Солтүстік Қазақстан облысында – тұман.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астана қаласында 3 ақпанда күн ашық болады. Ауа температурасы түнде 23 градус аяз болса, күндіз минус 14 градустан төмендемейді.

Алматыда ауа температурасы түнде минус 10 градус, күндіз екі градус жылы болады.

Шымкентке нағыз көктем келгендей болады, түнде ауа температурасы 2 градус нөлден жоғары болса, күндіз 12 градусқа дейін жылынып, күн көзі күлімдейді.

Жаңалықтар
0