Әлем

Тарихтағы ең бай адам кім екені белгілі болды

© PhotoСтарый сундук с сокровищами, иллюстративное фото
Старый сундук с сокровищами, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Манса Муса IX ғасырдың бірінші жартысында ортағасырлық Мали мемлекетін 30 жылдай басқарған

АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Американың Солтүстік-батыс университетінің галереясында зерттеушілер ортағасырлық "Каталон атласы" қолжазбасын таныстырды. Ғалымдардың пікірінше, картада тарихтағы ең бай адам бейнеленген.

Жүк - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қала билігі әрбір жаңа тұрғынға 10 мың доллар төлейді
Карта 1375 жылы қазір Испанияның құрамына кіретін ортағасырлық Мальорка аралында жасалған. Туындының дәл ортасында сауда жолдарының қиылысында қолында алтын монетасы бар батысафрикалық король Манса Муса бейнеленген.

Манса Муса IX ғасырдың бірінші жартысында ортағасырлық Мали мемлекетін 30 жылдай басқарыпты. Көрме жетекшісі Кэтлин Бикфорд Берзоктың айтуынша, Муса өңірдегі алтын өндірісін толығымен бақылауда ұстаған. Ал бұл жердің металы ең таза алтын саналып, нарықта үлкен сұранысқа ие болған, деп жазады РИА Новости.

"Бүгінде осыншама байлығы бар адамның барына сену қиын", - дейді Берзок.

IX ғасырда Мали алтыны басты валюта саналатын динарды соғу үшін пайдаланылған. Ерте заманнан жеткен араб мәтіндерінде монеталар Мусаның бақылауында болған аумақта өндірілген алтыннан жасалғаны айтылады.

Жаңалықтар
0