2 ақпанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
2 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды
Әлемдегі мерекелердің маңыздысы да, ақылға қонымсызы да бар. Бүгінгі мерекені соңғы санатқа жатқызуға болады. Себебі бүгін – дәстүрлі түрде 2 ақпанда аталып өтетін Кірпі күні. Бұл күннің тарихы әркімге қызық болар. 2000 жылдық тарихы бар мереке сонау ежелгі Римнен бастау алады. Бұл қаланың тұрғындары 2 ақпан күні ұйқыда жатқан кірпілерді оятып, олардың әрбір әрекетін қалт жібермей, бақылайтын болған. Сөйтіп, алдағы күндердегі ауа райына болжам жасаған.
Сондай-ақ, бүгін баршамызға жақсы таныс металдан жасалған кронен-тығын туған күнін атап өтеді. 1892 жылға дейін шыны шөлмектердің аузын жабу үлкен проблема болатын. Америкалық өнертапқыш Уильям Пейнтер бұл мәселенің шешімін тапты. Ол шөлмектің ішіне оттегінің кіруіне мүмкіндік бермейтін тәж түріндегі қақпақ ойлап тапты. Бұған қоса, Пейнтер сенімді фиксация үшін аузы жағында қысқышы бар бөтелкелердің ерекше түрін жасап шығарды. Содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, металл тығындар еш өзгеріске ұшыраған жоқ.
Бүгін Эстонияда – Майшам күні. Бұл күні шошқа етінен түрлі дәмді тағамдар мен ботқа пісіру дәстүрге айналған. Міндетті түрде майшамдар дайындалады. Майшам күні – Эстониядағы қыз-келіншектерге арналған жылдағы ең алғашқы үлкен мереке. Бұл күні қызыл түсті шарап немесе шырын ішетін нәзік жандар жаз бойы дені сау әрі әдемі болады деп санаған. Ежелгі дәстүрге сәйкес, әйелдерге ішімдік сатылатын мекемелерге баруға рұқсат етілген, ал үйдің барлық тірлігі ерлердің мойнына артылған.
2 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1653 жылы Жаңа Амстердам кенті қала мәртебесін алды. Бүгінде ол әлемге Нью-Йорк ретінде танымал;
1852 жылы Лондондағы Флит-стритте алғашқы қоғамдық дәретхана ашылды;
1886 жылы АҚШ-та алғаш рет ресми түрде Суыр күні мерекеленді;
1922 жылы Францияда Джеймс Джойстың "Улисс" романы алғаш рет тұтас басылып шықты.
2 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1913 жылы Орынборда араб қарпімен қазақ тілінде "Қазақ" газетінің алғашқы саны жарық көрді;
1993 жылы Қазақстан мен Еуропа одағы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады;
1999 жылы "Астана" радиосы жұмысын бастады;
2012 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметін бастады.
2 ақпанда әлемде туған танымал тұлғалар
1882 жылы ирландиялық жазушы, Modern Library америкалық басылымының нұсқасы бойынша үздік романның авторы Джеймс Джойс дүниеге келді ("Улисс", "Дублинцы", "Поминки по Финнегану");
1885 жылы революционер, кеңестік мемлекеттік және әскери қайраткер, Азаматтық соғыс кезіндегі Қызыл армия қолбасшыларының бірі, әскери теоретик Михаил Фрунзе өмірге келді.
1904 жылы кеңестік ұшқыш-сынақшы, бригада командирі (1938), Кеңес одағының батыры Валерий Чкалов туды;
1977 жылы колумбиялық әнші, әндердің авторы, биші, музыкалық продюсер, хореограф және модель Шакира дүниеге келді.
2 ақпанда Қазақстанда кімдер туды
1928 жылы драматург, аудармашы, Махамбет сыйлығының иегері Берік Қорқытов дүниеге келді;
1933 жылы белгілі хирург, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан медициналық ғылымдар академиясының негізін қалаған Мұхтар Әлиев туды;
1934 жылы мемлекет қайраткері, экономика ғылымының докторы, Қазақстан инженерлік академиясының академигі Қаратай Тұрысов өмірге келді;
1940 жылы белгілі жазушы, халықтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин туды;
1949 жылы белгілі мемлекет қайраткері Айткүл Самақова дүниеге келді;
1956 жылы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров өмірге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Тылсым оқиғалар мен сиқырдың күні. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін барлық күмәнді ісіңізді басқа күнге қалдырыңыз. Арандатушылардың құрығына түсіп қалмаңыз.