АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің кей санаттарының жалақысы артты.
Ұшқыштар құрамының да еңбекақысы көтерілді, деп хабарлады қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров.
"Бұдан бөлек, 2017 жылдан бастап Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмасымен барлық әскери қызметкердің жалақысы 25%-ға көтерілді. Ынталандырушы және басқа үстемақылар 30%-ға дейін артты. Жалақы кезең-кезеңімен ұлғайып келеді. Орта есеппен, менің ойымша, төмен шенді офицерлер 140-150 мың теңге алады", - деп мәлімет берді Талғат Мұхтаров.
Әскерилердің баспана жағдайын жақсарту үшін жаңа модель енгізілді, дейді ол. Былтыр қаңтардан бастап ай сайын әскерилердің екінші деңгейлі банктердегі арнайы жеке шоттарына тұрғын үй төлемдері аударылады, төлем көлеміне әскери қызмет өтілі әсер етпейді.
Қазақстанда ең жоғары жалақыны кім алады
Екі мыңдай әскери қызметкер баспанаға ие болыпты, ал қырық мыңнан астамы тұрғын үй төлемдерін алған.
Өткен жыл Қазақстанның Қарулы күштері үшін нәтижелі болды, дейді Мұхтаров. Оның сөзіне сүйенсек, құқық бұзушылық саны 9%-ға кеміді.