Өңірлер

"Аузыңды жап, ақымақ!" Степногорскте оқушыны жұлқылаған мұғалім видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинОқушы
Оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болған жағдайдан кейін мектепте қызметтік тексеріс жүріп, кейін педагог жұмыстан шығу туралы өтініш жазды

КӨКШЕТАУ, 30 қаңтар — Sputnik. Әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушыға дауыс көтеріп, кейін жағасынан алып жатқан кезінде түсірілген видео тарады.

Жағдай Ақмола облысының Степногорск қаласында болған. Видеодан мұғалімнің оқушыны тақта алдында жұлқылап, ата-анасының нөмірін жазуды талап етіп жатқанын көруге болады.

Қаланың білім басқармасындағылар жағдайдың өткен бейсенбі күні мектептердің біріндегі алтыншы сыныпта сабақ жүріп жатқан кезде болғанын айтты.

Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Отыз жастағы ер адам 20 жыл бұрын ұрып-соққан ұстазынан өш алды – видео
Осы фактіге сәйкес, қызметтік тексеріс жүрді. Оқушының жанында отырған сыныптасының дәптеріне түкіріп жібергені анықталды. Кейін мұғалім оған осы қылығы үшін ұрысып, ата-анасының нөмірін талап еткен.

Білім басқармасындағылар мұғалімнің осылайша педагог этикасын бұзғанын және өз еркімен жұмыстан кеткенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, күзде Алматы қаласында қоғамдық резонанс тудырған жағдай болды. Мектеп-интернаттың мұғалімі балаға қол көтерген. Осы сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейін мұғалім мекемеден қуылды.

Жаңалықтар
0